АӘК ресімдеуге мұқтаж ата-аналар үшін ақпарат

Атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеуді қажет ететін ата-аналар үшін «электрондық үкімет» порталында (egov.kz) "электрондық өтініш" сервисінде электрондық цифрлық қолтаңбасыз өтініш беруге  мүмкіндігіңіз бар. Бұл ретте, электрондық өтінішті толтыру барысында өзінің ұялы телефонының нөмірін көрсету қажет, көрсетілген телефон нөміріне СМС - пароль жіберіледі.

Сондай – ақ АӘК анықтамасын "атаулы әлеуметтік көмек" мемлекеттік қызметі бойынша өтініш берушінің ұялы телефон нөміріне жіберілген СМС-парольдің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбасыз алуға болады. Құжаттар тізімі бойынша келесі байланыс телефондары арқылы хабарласу қажет: 542999 – жұмыспен қамту бөлімі, 522044, 522043 – жұмыспен қамту орталығы.