STEM-білім адам қоғамының индустриалды-цифрлық дәуірінің заманауи инновациялық тренді ретінде

18 қаңтарда мектепте педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің тақырыбы: STEM-білім адам қоғамының индустриалды-цифрлық дәуірінің заманауи инновациялық тренді ретінде.

Мұғалімдерге  өзін-өзі қайта сезінуге және жаратылыстану ғылымдарын инженериямен, технологиямен және математикамен ұштастыра отырып оқытуды практикада қолдануға мүмкіндік берілді.

Толығырақ...

«Мектепке жол» платформасы

Құрметті ата-аналар! «Ата мекенім» ҚБ қолдауымен www.atamekenim.kz  «Мектепке жол» платформасы құрылды, онда көмекке мұқтаждар өз өтінімдерін қалдыра алады.

Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудару арқылы осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты негізде жұмыс істейтін болады және жаңа тәсіл арқылы көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға қызмет етеді, оның атаулылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Толығырақ...

Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінің қорытындысы

Итоги III этапа Республиканской олимпиады

2020 жылдың 5-6 қаңтарында Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңі өтті. Олимпиадаға біздің мектептен 5 оқушы қатысты. 2020 жылдың 7 қаңтарында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау  салтанатты рәсімі өтті.
Биология пәні бойынша олимпиаданың жеңімпазы 10«А» сынып оқушысы Каблашев Арон атанды, мұғалімі Узингер В.В. 
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиадада II орынға 9«Б»  сынып оқушысы Алматов Данияр ие болды, мұғалімі Франк А.С.
Ағылшын тілі пәні бойынша олимпиадада III орынды 10«А» сынып оқушысы Курманов Айбек алды, мұғалімі Кадырбаева Н.Ж. 

Толығырақ...

9-11 сыныптарды қорытынды аттестаттаудағы өзгерістер

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 509 бұйрығына сәйкес 9 және 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттаудан өту процедурасында  өзгерістер болды.

Толығырақ...

Тарих және географияның пәндік онкүндігі

2019 жылдың 5-ші және 13-ші желтоқсан аралығында мектебімізде тарих және география онкүндігі өтті.  Онкүндіктің тақырыбы: "КО'SHELER SO'ILESIN".

Онкүндіктің ашылуы 2019 жылдың 5-ші желтоқсанында  жалпы мектептік линейкасында  басталды. Онда оқушылар онкүндіктің жоспарымен танысты. Оқушылар кітапханаға Қостанай қаласының 140-жылдығына арналған «Қостанай өлкесі – өткені мен бүгіні» көрмесіне шақырылды.

5-7 сыныптар арасындағы  «Көшелер сөйледі...» атты газеттер сайысының және 8-11 сыныптар арасындағы 3-D карталардың көрмесінің  басталуы жөнінде хабарланды.

Толығырақ...

2019-2020 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың II (қалалық) кезеңінің қорытындысы туралы.

2019-2020 оқу жылғы 5-6 желтоқсанында  жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңі өтті. Біздің олимпиадалық командамыздың  8 оқушысы қатысты, оның 6-сы жүлдегер атанды:

Толығырақ...

Математика, информатика және физика декадасы

2019 жылғы қараша айының 18-нен 26-на дейін мектепте 5-11 сынып оқушылары арасында математика, информатика және физика пәндерін танымал ету, оқушылардың білім алушылығын, танымдық қызығушылығын, зияткерлік қабілеттерін, шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ету мақсатымен математика, информатика және физика декадасы өткізілді.

Толығырақ...

Орыс тілі мен әдебиеті апта

2019 жылдың 4-11 қараша аралығында біздің мектепте орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Осы іс-шараны өткізудің мақсаты сабақтан тыс іс-әрекет арқылы орыс тілі мен әдебиеті пәндеріне қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық және танымдық әлеуетін дамыту болды.

Толығырақ...